Асқар Мамин: «Импортты азайтамыз»
Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атады.
Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады.
«2019-2025 жылдары аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл — аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», — деді А.Мамин.
Айта кетейік, өткен жылы Ақордада өткен жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктерге қосымша 600 миллиард теңгені бөлуді тапсырған болатын. Аталған қаржыға өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортқа арналған жобаларды қаржыландыру қажет.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»