АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТЫ

Теңгенің 20 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі №631 Жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2013 жылғы 6 қарашадағы №405 бұйрығымен ұлттық валютаны айналысқа енгізуге тікелей қатысқаны және оның дамуына сіңірген ерен еңбектері үшін филиал ардагерлері - Болат Ысқақов, Ермұқаш Түсекенов, Күләш Сариева, Мақпаш Абдулова, Анаида Бабаева, Лидия Бегликчиева, Рысты Қунашева, Бақыт Бисенғалиева, Ерімбет Апенов, Светлана Габдуллина, Жаңыл Қалауова, Қоңыр Шаужанова «Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде жұмыс жасаған жылдарда олар өздерінің адал еңбегімен ұлттық валютамыздың дамуы мен тұрақтылығына қол жеткізуге үлкен үлес қосты. Олардың еңбек жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі болады.

Осы себеппен Ұлттық Банктің Атырау филиалында жиналыс өткізілді. Жиналыста филиал директоры ардагерлерге «Теңгеге 20 жыл» мерекелік медальдарын салтанатты түрде табыс етті.
Ардагерлер филиал басшылығы мен ұжымға жұмыста табыстар тілеп, өздеріне көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдірді. Жиналыстан соң олар филиал басшылығымен өз әңгімелерін шағын дастархан басында жалғастырып, банк саласында өткен күндерін еске алысты. Одан соң омырауларына жарқыраған медальдарын таққан ардагерлер филиал қызметкерлерімен естелік суретке түсті.
«Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған ардагерлерімізді құттықтаймыз. Оларға шын ниетпен денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.

ҚР Ұлттық Банкі
Атырау филиалы.
PR

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз