Жарнама
Экономика

АМӨЗ: жаңа жоба нені көздейді?

Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛОУ-АТ-2, ЭЛОУ-АВТ-3 технологиялық және каталитикалық крекинг қондырғыларының жұмысын экологиялық оңтайландыру жобасы жүзеге асуы мүмкін. Бүгінде зауытта осынау бастаманың іске асыру тетіктері зерттелуде. Бұл жұмыстарды жапондық «Yokogawa Corporation инжиниринг» компаниясы жүргізіп жатыр.

Кеше елордада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов жапондық Marubeni Corporation компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар былтыр күзде Қазақстан мен Жапония арасында қабылданған мемлекетаралық келісімді іске асыру аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамыту мәселесін қарастырған.
Атырау мұнай өңдеу зауытында декарбонизациялау және CO₂ шығарындысын азайту бойынша озық шешімдерді енгізу бірлескен кредит алу тетігі (JCM, Joint Crediting Mechanism) арқылы іске асырылады. Жоба оң нәтиже көрсеткен жағдайда тәжірибені Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары да енгізуі мүмкін.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button