АМӨЗ республикалық конкурста үздік атанды!

whatsapp image 2024 02 12 at 14.30.16 Экономика

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қорытынды отырысы барысында «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланған 2023 жылы өткізілген республикалық тақырыптық байқаулардың қорытындысы анықталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

«АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымы «Үздік кәсіподақ ұйымы-2023: Жылдың қауіпсіз еңбек саласындағы көшбасшысы» байқауының жеңімпазы атанды. Тақырыптық сайысқа химия, мұнай-химия және туыстас салалардың 18 кәсіподақ ұйымы қатысты. Конкурстық комиссия кәсіпорындардың жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға қосқан үлесін және оның нәтижелерін бағалады. 2023 жылы «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымы зауыттықтар арасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өткізді.    

«Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымын маңызды жеңіспен құттықтаймын. Бұл республикалық кәсіподақтар комитеті басшылығы тарапынан жоғары бағаланған 2023 жылдағы жоғары жетістігіміз деп санаймын. Өткен жылы жұмысшылар арасында жарақаттану фактілерінің, кәсіптік аурулардың және жол-көлік оқиғаларының тіркелмеуі нәтижесінде жеңіске жеттік. 2024 жылы да еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоғары деңгейде жалғастыруды тілеймін» деді «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан Амантурлин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз