Баннер 9 мая от газеты Атырау

АМӨЗ-ге қатысты ШҰҒЫЛ ЖАҢАЛЫҚ пайда болды…

snimok ekrana 2022 08 17 v 17.42.29 Экономика

Қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыт жұмысын жоспарлы тоқтату күтіліп отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«Зауытта реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Комитетке ресми хат келген бойда, толық ақпарат беріледі» делінген хабарламада.

Айтуынша, бұған әуежайлар да алдын ала дайын болуы керек.

Ал, энергетика министрлігі зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүретінін, бірақ бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайтынын мәлімдеді.

«Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізілетін болады. АМӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды» делінген хабарламада.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз