Жарнама
Экономика

АЛЫПТЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Озық технология.

Жаңа жабдық.

Әңгімені әлеуметтік жауапкершіліктен бастауымыз бекер емес. Өйткені, жерінің асты да, үсті де байлыққа толы еліміздің тұрғындары мол қазынаның ырыздығын көргісі келетіні заңдылық. ТШО бұл үлкен міндетті басым бағытына айналдырып отыр. Бірлескен кәсіпорын құрылған 1993 жылдан бері Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламаның дамуына серіктестік өкілдерінен 995 млн. АҚШ долларын жұмсағанын білдік. Осы орайда «Игілік» бағдарламасы бойынша биыл 25 млн. доллар қаралғанына ерекше тоқталуға болады. Ол негізінен қазыналы аймақтағы балабақша, мектеп, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.

«Теңізшевройлдың» жарқын ісінің көрінісіндей мысалдар облыста жетерлік. Облыстық кардиологиялық орталығына алынған құрылғылар бұл орайда алдымен тілге оралады. Жаңа технологияға негізделген жабдықтардың озық тұсы көп. Дәрігерлердің пікірінше, кардиологиялық орталықтың жаңадан жарақтандырылуы талай адамның өмірін сақтап қалуға себепші. Өйткені, жабдықтар – әлемнің маңдайалды компанияларының өнімдері. Мәселен, америкалық ST. Jude Medical фирмасында жасалған электро-физиологиялық зертханасы жүрек ырғағының бұзылуын хирургиялық жолмен емдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік томограф – Голландиядан жеткізілген баға жетпес дүние. Ал, күрделі операция жүргізуге қолданылатын бейнеэндоскопиялық кешен Германияда құрастырылған. Бұдан басқа құрал-жабдықтар аймақтағы елдердің бірде бірінде кездеспейді.

Жаңа құрылғымен медицина ғылымының докторы Ұлан Қабаев шеберлік сыныбын сәтті өткізді. Озық жабдықты бүгінде атыраулық хирургтер де шебер пайдалана бастады. Соның көрінісіндей, орталықтың дәрігерлері Мәлік Сахипов пен Жанар Оралбекова алғаш рет өз беттерімен ота жасады.

ТШО-ның тың бастамасы, жергілікті медицина саласына жасаған қамқорлығы жұртшылыққа үлкен пайдасын тигізетіні анық. Енді сырқат жандар күрделі ота жасату үшін шекара асып кетпейді немесе ат арытып орталыққа бармайды. Осы жерден-ақ жанына шипа табуға, дертінен айығуға мүмкіндік туды. Бұл – сөз жоқ, облыс өміріндегі үлкен жетістік. 

Жаңа балабақшадағы жарқын істер

«Берсең, балаға бер» деген нақыл сөз ел аузында бұрыннан бар. Ал, «Теңізшевройл» бұл ұстанымды өмірдің басым бағытының біріне айналдырған. Былтыр ашылған «Мирас-Атырау» деп аталатын балабақша – соның айқын мысалы. Жергілікті жерде балабақшалардың саны жетіңкіремей жат-қан тұста бұл үлкен көмек болды. Оған серіктестік қызметкерлерінің кішкентайлары барады.

Балаларға арналған алып ғимарат алыстан мен мұндалайды. Ол 350 бүлдіршінді қабылдауға арналған. 16 топқа бөлінген нысанның әрқайсысында жасына, оқыту тіліне байланысты 20-25-тей балдырған тәлім алады. Расы керек, мұнда тәлімді тәрбие беруге, жүйелі жұмыс жүргізуге барлық жағдай бар. Топтар бірнеше кең де жарық бөлмелерді иеленген. Гимнастикалық, лингвистикалық, сонымен қатар, акт залдары барлық талапқа сәйкес жарақтандырылып отыр. Балалар ойнайтын ойыншықтар мен бөлмелерге қойылған жиһаздардың өзі ерекше тоқталуды қажет етеді. Олар алыстағы Франциядан арнайы жеткі-зіліпті. Балабақшаның жеке кітапханасы да назар аудартады. Мұнда 3 мыңнан астам кітап жинақталған. Құнды дүние жаңа толқынның жастайынан рухани азықпен сусындауына жол ашады.

Жаңа ғимараттағы оқу, тәрбие беру жұмыстары жүйелі жолға қойылған. 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың жетілуіне, білім нәрімен сусындауына ерекше маңыз берілуде. Осы мақсатта тәжірибелі мамандардың өзі үлкен іріктеуден өткізіліп, қызметке алыныпты. Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісі еліміздің тиісті талаптары бойынша жүзеге асуда. ТШО-ның демеушілік көмегімен салынған «Мирас-Атырау» балабақшасындағы оқу-тәрбие жоспарын Елбасының Білім қоры жасақтаған. Оқыту бағдарламасының негізіне мемлекеттік мектепке дейін міндетті білім беру стандартының талаптары, халықаралық бакалавриаттың Алматы және Астана қалаларындағы «Мирас» балабақшаларында табысты енгізіліп және жүзеге асырылған бастапқы мектеп бағдарламасының әдістері, Монтессори педагогикасының элементтері алынып отыр. Аталған бағдарлама баланы үйлесімді және жан-жақты тұлға ретінде дамытуға бағытталған. Бағдарлама, ең алдымен зерттеу арқылы үйрету әдісіне негізделген және алты пәнге – математика, тіл дамыту сабағы, қоғамтану, жаратылыстану ғылымдары, өнер және дене тәрбиесіне, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне басымдылық берілген. Сонымен қатар, балдырғандар орыс, ағылшын тілдерін оқиды. «Мирас-Атырау»-дың тағы бір ерекшелігі, ол  күнделікті жұмысын таңертеңгі 8-ден бастап, кешкі 19 сағатта аяқтайтынында. Бұл ата-аналар үшін көп жеңілдік екені сөзсіз. Бірлескен кәсіпорын өз қызметкерлерінің балалары балабақшаға барғаны үшін төлейтін төлемінің біразын да мойнына алған. 

«Игіліктің» игілігі қандай?

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылған кезден бастап әлеуметтік инфрақұрылымдар бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған. Осы мақсатта алғашқыда 5 жылдық «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасы жасақталған еді. Оған 50 млн. АҚШ доллары жұмсалған болатын. Аталған бағдарлама өзінің қызметін 1998 жылы ойдағыдай аяқтады. Оның нәтижелі ісі осындай бағдарламаның қажеттілігін және елге пайдалылығын байқатты. Сондықтан да, сол жылы ТШО жарқын істердің желісін «Игілік» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жалғастырды.

Алғашқы кезеңде бюджеті 4 млн. долларды құраған бағдарламаның қоры 2003 жылға дейін 8 млн. долларға дейін өсті. Бұдан кейінгі үш жылда оның мөлшері 12 млн. долларға жеткізілді. «Игілік» бағдарламасының 2009 және 2012 жылдық бюджеті 20 млн. долларды құрады.

Аталған бағдарлама арқылы «Теңізшевройлдың» қаржыландырылуымен бірнеше жаңа мектеп, емхана және аурухана ғимараттары, сонымен қатар, электр қуатын бөлу торабы, су тазарту құрылғылары тұрғызылды, жаңа желілер тартылды. Осының өзінен алып компанияның Атыраудың арқасүйеріне ай- налғанын байқауға болады. Бірлескен кәсіпорын өкілдері «Игіліктің» осынау игі істері өз жалғасын таба түседі дейді.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button