Жарнама
Экономика

Алматыдан Атырау КРІ зауытының өнім сақтау қоймасы ашылды

Қазақстанның оңтүстік астанасынан полипропилен сақтау қоймасының ашылуы Алматы мен оның маңындағы өңдеуші компаниялар үшін полимер шикізатының логистикалық қолжетімділігін арттырады және жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады. Бұл туралы NRG_Monitor ақпараттық ресурсы хабарлады.

«Енді Алматы төңірегіндегі ірі өңдеушілер қажетті полипропиленді осы жерден керегінше кідіріссіз ала алады, ал бизнес өкілдеріне аз көлемде өнім сатып алуға мүмкіндік бар. Қоймада KPI зауытында өндірілген полипропиленнің барлық маркасы сақталады», — дейді компанияның сату және клиенттік сервис қызметінің басшысы Дамир Әбілдинов.

“Ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркі” еркін экономикалық аймағының аумағында полипропиленнен леген шығаратын көптеген кәсіпкерлік субьектісі шартты түрде тіркелген, өйткені ЕЭА корпоративті табыс салығы, басқа да салықтардан босатады. Бірақ бұл өнімдерді негізінен оңтүстік өңірлердің тұрғындары көбірек тұтынады. Ал дайын өнімді Атыраудан жеткізу өте қымбатқа шығады. Енді KPI полипропиленді оңтүстіктегі қоймасынан сатуға дайын, бұл ШОБ нысандарының шығынын айтарлықтай төмендетуі тиіс.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button