
Экономика
Айшықты орны бар бірегей кәсіпорын (+фоторепортаж)
Бүгінде еліміздегі ірі кәсіпорынның бірі – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы – өркениет көшінде айшықты орны бар компания. Ғасырдан астам жер қойнауын игеріп келе жатқан байырғы Ембі өндірісін заман талабына сай жаңа технологиямен, тың әдістермен қамту, ресурстарды толықтыру кезек күттірмес маңызды міндет болып қала бермек. Бұл шаралар Ембі өндірісінде кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.
Ең бастысы, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтып, қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсетіп келе жатқан компанияның қол жеткізген табысы барша ұжымның бірлігі мен тұтастығының нәтижесінде жүзеге асып жатыр.




