
Агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімді құрал – инвестициялық субсидия
Республика бойынша балық өсіру шаруашылықтары үшін техника мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялық шығындардың 25 пайызын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Атырау облысы бойынша Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы Бекзат Сәрсенғалидың айтуынша, бұл инвестициялық субсидиялау балық питомниктеріне, торлы және су айналымы тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарына қажетті техника мен жабдықтарды сатып алуға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.
— Мұндай мемлекеттік қолдау мен жеңілдіктерді өңірдегі балық өндірісімен айналысатын субъектілер де тиімді пайдаланып, аймақ экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда, – деді бөлім басшысы.
Дәулетқали АРУЕВ