Жарнама
Экономика

АЭС: электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі

ҚР ядролық физика институтының ғылыми қызметкері атом электростанциялары туралы пікірімен бөлісті, — деп хабарлайды atpress.kz сайты.

«Одан мүлдем экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады.
Атом электр станциялары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі», — деп ойлайды Данияр Жансейт.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) ұйғарымымен, тек осы атом энергетикасы ғана парниктік газды ең аз бөлетін энергия түрі деп бекітілген.
Ал, одан өзге энегрия түрлері, мәселен: көмір – 820 грамм/кВт/сағ (СО2 баламасы), табиғи газ – 490 грамм, су электр станциялары – 24 грамм, СЭС (күн концентраторы) – 48 грамм, атом – 12 грамм бөледі.
Атом энергиясы қазіргі жаһандық жылынумен күресу құралдарының негізі. Мысалы, Еуропадағы атом электр станциялары жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларын болдырмайды.

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button