52 жаста зейнетке кімдер шығады және жинақ беріле ме?
Бұл сауалға министрлік мамандары жауап береді.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.
Олардың бірі-әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде арттыруды жоспарлау.
Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды.
Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша шаралар қабылданады деп жоспарлануда. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.
2028 жылы мораторий аяқталғаннан кейін зейнеткерлік жасты арттыруды жалғастыру немесе тоқтата тұру туралы шешім:
— халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері;
— азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі.
Сонымен қатар, зейнетақы төлемдерін жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін де алуға болады.
Мәселен, қолданыстағы заңнама шеңберінде ерлер 55 жасында ерте зейнетке шығуға, ал әйелдер 52,5 жасында зейнетақы аннуитетін сатып алу жолымен шығуға құқылы.
Бүгін зейнетақы аннуитеті қолжетімді бола түсті. 2022 жылы ерлер үшін аннуитет құны 7,1 млн теңгені, әйелдер үшін — 9,5 млн теңгені құрайды, ал 2020 жылы оның құны тиісінше 11,3 және 15,5 млн теңгені құрады.
Зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымы зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына өмір бойы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «кейбір заңнамалық актілерге сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында өмірді сақтандырудың жаңа әлеуметтік маңызды өнімі — бірлескен зейнетақы аннуитеті енгізілді.
Бірлескен зейнетақы аннуитеттері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылардың (жақын туыстарының) Зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнеткерлік демалысқа ресми шығуды күтпей-ақ зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді.
Егер біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артығы болса, отбасылық жұптар (жақын туыстар) осы өнімді пайдалана алады.