ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАР – ІЛГЕРІ ДАМУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Еліміздің жаңа экономикалық саясатқа көшуіне орай мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен үкімет экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі шараларды қолға алуда. Теңгеміз еркін айналымға шығарылып, алғашқы қадамдарын іске асыруда. Бағаның негізсіз өсуіне, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің және қызметтер бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында облыста атқарушы билік те кешенді шараларды атқаруда.

Азық-түлік өнімдері мен қызмет және валюта бағамдарының жағдайына мониторинг жасау және инфляциялық үдерістерге  тосқауыл қою жөніндегі жұмыс топтарының белсенділігі де арта түсуде.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз