320 мың шаршы метрден астам үй берілмек

20180427191529 Экономика

Биыл Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді.

Бүгін құрылысшылар күніне орай «Құрманғазы» мәдениет сарайында салтанатты жиын өті. Шара барысында құрылысшылар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мереке иелерін құттықтады.

«Маңызды сала өкілдері, құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында елімізде ірі инвестициялық жобалар, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Атап айтқанда, осы жылы облыста 320 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оған қоса, 14 мектеп, 4 балабақша, Құлсары қаласынан 75 орындық орталық аурухана мен 3000 келушіге арналған орталық стадионның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз», — деді Қайрат Нұртаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз