Жарнама
Экономика

Атырауда 24 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ

Бүгінде өндірісті өңірде ашылуы жоспарланып отырған 23956 жұмыс орнының 14374-і – тұрақты.

Ал, бүгінге дейін ашылған 11501 жұмыс орнының 6188-і тұрақты да, 5313-і – уақытша. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, құрылыста 1856, ауыл шаруашылығында 1056, білім беруде  380, денсаулық сақтау саласында 133, көтерме және бөлшек саудада 82, көлік тасымалында 96 және өнеркәсіпте 33 адам тұрақты жұмыс тауыпты. Қалғаны экономикалық қызметті қамтиды.

«Жалпы, жұмыспен қамту шаралары аясында 4124 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 374, жастар практикасына 157, қоғамдық жұмыстарға 2950, алғашқы жұмыс орындарына отыз және «Күміс жас» жобасына алты адам тартылды. Қысқамерзімді оқу курстары бойынша 61 және онлайн режимдегі «Skiils» жобасы арқылы 166 тұрғын білім алды. Сондай-ақ, өз ісін ашу мақсатында 44 азамат мемлекеттік грантқа ие болды» дейді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, аймақта 193 жұмыс берушінің қатысуымен өткен 18 жәрмеңкеден 408 адам екі қолға бір күрек тапқан. Сол секілді, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқандардың 641-і биыл жұмыспен қамтылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button