Жарнама
Экономика

2040 жылға қарай жылына 10 миллион тонна мұнай өңдейтін жаңа зауыт салынуы мүмкін

Қазақстанда мұнай өңдеу саласын дамыту мақсатында жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы республика Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 10 миллион тонна мұнай өңдеу. Құрылыс 2040 жылға қарай аяқталуы мүмкін.

“NRG_monitor” мәліметінше, министр жаңа зауыттың салыну қажеттілігін елде халық санының артуы мен көлік және транзит әлеуетінің ұлғаюымен байланыстырады. Сонымен қатар, қазіргі үш мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобалары іске асырылмақ.

Мәселен, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты 2030 жылға қарай қуаттылығы 6 млн. тоннадан 12 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл үшін Атырау – Кенқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының өткізу мүмкіндігі кеңейтіледі.

Ал Павлодар мұнай өңдеу зауыты арқылы 2026 жылға дейін қосымша 500 мың тонна қысқы дизель өндіру көзделген. Бірінші кезеңде зауыт жылына 6 млн. тонна мұнай өңдейді, ал екінші кезеңде бұл көрсеткіш 8 млн. тоннаға дейін арттырылады.

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2028 жылға дейін жеңіл мұнай өнімдерін өндіру үлесі 66%-дан 77%-ға дейін арттырылады. Мұнайды қайта өңдеу қуаты 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін ұлғаймақ.

Аталған жобалар олардың өтелімділігіне және жанар-жағармай материалдарына нарықтық баға белгілеуге біртіндеп көшуге байланысты жүзеге асады. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету шаралары қарастырылады.

Айта кету керек, елдегі мұнай өңдеу саласын кеңейту және жаңғырту жобалары ел экономикасының ішкі сұранысын қанағаттандырып, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button