17,3 гектар жерге өнім артық егілмек

354aa65876394279b90f87d8e1d3cbe8 Экономика

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл ауданда 105 шаруашылық пен жеке секторда 550 га жерге картоп, 848,3 га жерге көкөніс, 422 га жерге бақша, 2380 га жерге мал азықтық дақылдар, 4 га жерге жылыжай  егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,3 гектарға жоғары. Пайдалануға берілетін 4 га жылыжайда жергілікті азаматтарға 60 тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

-Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысында күні бүгінге 4200,3 га жер толықтай жыртылды. Қазіргі таңда 366 га жерге картоп-66,5%, 585 га жерге көкөніс-69%, 280 га жерге бақша-66,4%, 1304 га жерге мал азықтық дақылдар-55% егілді, деді Р.Жанқылыш.

Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына 1650 тн картоп, 2 тн көкөніс, 1 тн бақша, 17,3 тн мал азықтық дақылдар тұқымы сатып алынды. Жетіспейтін тұқымдарды Атырау қаласындағы тұқым сататын орындардан, соның ішінде шетелдік элиталық тұқымдар «ВIO TECHNO», «Агро-Әлем» ЖШС-нен келісім-шарт бойынша сатып алынады.

Сондай-ақ, ол осы жылы тамшылатып суару технологиясы 1550 гектарға жеткізілетінін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 гектарға артық екенін айтты. 

Сонымен қатар, аудан әкімі Махамбетте мал санының да өсімі бар екенін жеткізді. Р.Жанқылыш осы жылы мүйізді ірі қара 3,3%-ға, қой-ешкі 8,6%-ға, жылқы 6%-ға, түйе 6,4%-ға өскенін атап өтті. 
Айта кетейік, биылғы шаруашылық құрылымдарда егістік жұмыстарына 450 адам қатысып, 177 ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылуда. Оған қоса, көктемгі дала жұмыстарына төмендетілген бағамен жанар-жағармай алуға 17 шаруашылыққа қажетті 335 тонна дизель отынына келісім шарт жасақталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз