
108 млрд. теңгеге – 22 жоба
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауындағы Жалпыұлттық пул шеңберінде жалпы құны 108 млрд. теңгені құрайтын 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Осыған орай түсінік берген облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Гүлфайруз Маратованың айтуынша, бұл бастамалар өңір экономикасының түрлі бағыттарын қамтып, шамамен 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
– Биыл облыста пул аясында алты жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 жоба пайдалануға беріледі. Олардың ішінде құс фабрикасы, сұйытылған газ қоймасы, тауарлы балық шаруашылығы, жылыжай кешені, көкөніс сақтау қоймалары, кемпингтер, штапельді талшық пен полипропилен геотөсемі өндірісі, дәнекерлеу және сервистік цехтар, құрама жем зауыты, жаңа мектептер, қонақ үй және әкімшілік кеңсе құрылысы бар, – деді салалық басқарманың өкілі.
Дәулетқали АРУЕВ