Жарнама
Экономика

Экономиканы дамыту — ортақ міндет

Мемлекеттің міндеті әр азаматқа тең мүмкіндік беру екені рас. Бұл – қазіргі Қазақстанның дамуындағы басты ұстанымдардың бірі. Бірақ мүмкіндікті ұсыну бір бөлек, оны тиімді пайдалану – әр адамның жауапкершілігі.

Біз, кәсіпкерлер, бұл ұстанымды күнделікті жұмысымызда айқын сезінеміз. Себебі жаңа өндіріс ашу, жұмыс орындарын көбейту, ішкі нарықты дамыту тек мемлекетке емес, отандық бизнеске де үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мен өз салам бойынша айтсам, білікті маман табу барған сайын қиындап барады. Әсіресе техникалық салада – инженерлер, ІТ мамандар, заманауи жабдықтармен жұмыс істей алатын қызметкерлер тапшы. Бұл мәселені әр жиында көтеріп жүрміз. Кей кәсіпкерлер шетелден маман алдыруға мәжбүр. Ал бұл қосымша шығынды, уақытты қажет етеді және ең бастысы – еліміздегі еңбек нарығының ішкі әлеуетін толық пайдалана алмай отырғанымызды көрсетеді.

Жастарымыз бен жұмыс іздеушілер сұранысқа ие салаларға икемделуі керек. Бұрынғыдай тек «ақ жағалыларға» ұмтылу заманы өткен. Енді ел экономикасы нақты сектордағы – өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ІТ, энергетика салаларына арқа сүйейді.

Қорыта айтқанда, мемлекет мүмкіндікті жасап беріп отыр. Кәсіпкер соны нақты іске айналдырып жатыр. Енді азаматтың өзі де осы тізбектің толыққанды бөлігіне айналуы қажет. Сонда ғана еліміз ілгерілейді, экономика күшейеді, қоғам тұрақтылық пен дамудың жолына түседі.

Бауыржан ҚҰМАРОВ,
жеке кәсіпкер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button