
COVID-19: Соңғы поштадан...
WhatsApp мессенджерінде «Атырау жаппай карантинге жабылады» деген жалған ақпарат тарауда…
Атырауда қаланың жаппай карантинге жабылатыны туралы ақпарат өтірік болып шықты.
«WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласының 2 сәуірден бастап жаппай карантинге жабылатыны туралы жаңалықтың скриншоты тарап жатыр. Хабарламада қаладан шығар жолға блокпостар қойылып, 1 сәуірдің түн жарымына дейін қаладан шығып-кіріп алу керектігі жазылған. Хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл — 2020 жылы жарияланған жаңалықтың скриншоты. Қазір қала айналасында блокпостар жоқ, шығу және кіру жолдары ашық» деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен.