Теңіз кенішіндегі науқастардың жағдайы белгілі болды
Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 науқас емделіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде Атырау қаласының 8 тұрғыны мен Теңіз кенішіндегі 17 жұмысшы бар. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында тұратын 3 адамнан да қауіпті індеттің белгісі табылған.
«Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 48 науқас емделіп шықты. Қазір 136 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 48 , Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы стационарда 8 пациент емделуде. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 200 науқас ем қабылдап жатыр» — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
«ҚазАқпарат»