Шұғыл! Атырауда жеңілдетілген карантин қаулысы жарияланды
Шектеу карантиндік шаралары
және оларды кезең-кезеңімен
жеңілдету туралы
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
3.Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:
3.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, №68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;
3.2. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап өндірістік мекемелердегі вахталық әдіспен қызмет атқаратын жұмысшылар коронавирустық жұқпаға қарсы екпенің толық курсын алып және екпеден кейінгі иммунитет қалыптасу мерзімі 14 күн өткеннен кейін ғана жұмысқа кірісер алдында және вахталық жұмысы аяқталғаннан кейін ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған жұмысшылар ПТР әдісімен тексеріліп, 7 күн оқшауланады.
Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар егер де коронавирустық жұқпаға қарсы екпенің толық курсын алып және екпеден кейінгі иммунитет қалыптасу мерзімі 14 күн өткен болса және аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Екпе алмаған адамдар ПТР әдісімен тексеріліп, 14 күн оқшауланады.
3.3. Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
4. Атырау облысының тұрғындарына:
— респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 номеріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
— қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
— 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
— барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;
— бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын;
5. Тыйым салынсын:
— көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
— «Ashyg» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне;
6. «Ashyg» жобасына қатысатындарды қоспағанда әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің жұмыс уақыты мен режимі бойынша мынадай шектеулер енгізілсін:
— мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50% — ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру ұйымдар, офистер қызметкерлеріне қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
— жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу;
— банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысын 9.00-ден 18.00-ге дейін ұйымдастыру. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;
— мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кіріс мекемелерінің жұмысы жұмыс уақыты кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;
— контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
— жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;
— оқу бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат ету (сыныпта 25 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау);
— сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 25 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;
— балалар сауықтыру ұйымдарының толтырылуы 50%-дан артық емес;
— мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін;
— театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың жұмысы толтырылуы 20%-дан артық емес;
— спорттық іс-шараларды өткізу толтырылуы көрермендердің 15%-ынан артық емес;
— медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
— діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% — дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде кию режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады;
— қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде жазғы алаңдарда сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
— сауналардың жұмысы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады;
— алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға берудің, уақытша бөлшек сауданың орналасу орны мен жұмыс кестесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша анықтасын;
— Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) жұмыс істеуіне COVID-19-дың алдын алу шараларын (медициналық бетперде, антисептиктер қолдану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.
7. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.
8. Қоғамдық көліктің жұмысын штаттық режимде қамтамасыз ету, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгілеу. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
9. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін;
10. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
— «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №68, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын;
— облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;
11. Атырау облысының Полиция департаментіне:
— шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу;
12. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне:
— бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;
— халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп әзірлеу;
— облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
13. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
14. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.
15. Осы қаулы 2021 жылғы 10 мамырдан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов