22 666

Суық қару иесі сотталды

Құқық

Атырау теміржол вокзалында суық қаруы бар азамат ұсталды. Ол биыл шілде айында Алматы қаласының көшесінен қара түсті темір кастетті тауып алып, өзімен бірге алып жүрген.

22---666

Кейін тамыз айында Атырау қаласына келіп, теміржол вокзалында арнайы компьютерлік тексеру аппаратынан өту кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді. Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 287 бабы, 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, 48100 теңге айыппұл салынып отыр.

Өз тілшіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған