Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

САРАПШЫ СӨЗІ: «Коронавирустың өршуінен жалтара алмаймыз…»

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин еліміздегі коронавирус пандемиясының таралуына қатысты ойымен бөлісті.

«Соңғы бірнеше апта бойы ахуал біршама тұрақты болып тұр. Мұндай жайт қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылауға алумен байланысты сияқты. Қазақстанның солтүстігінде ахуалдың айтарлықтай тұрақтанғанын байқап отырмыз. Дегенмен, желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында коронавирустың өршуінен жалтара алмайтын сияқтымыз. Өйткені, тыйым шараларын бұзу көп кездесуі ықтимал. Яғни адамдар жаңажылдық мерекелерді атап өтуге тырысары анық», — деді Вячеслав Локшин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік арақашықтықты барынша сақтап, маска тағу, гигиеналық сақтық шараларын мүлтіксіз орындау маңызды міндет саналады.

«Өкінішке қарай, көпшілік мұны сақтай бермейді. Сол себепті халыққа үнемі жүгініп, қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздығын түсіндіріп отырған жөн. Еуропада, Ресейде ахуалдың қалай болжап болмайтын жағдайда дамығанын, өршігенін көріп отырмыз. Міне, осыған байланысты ауру жұқтырудың өсімі қалай десек те қаңтардың басында немесе желтоқсанның соңында артуы мүмкін. Бірақ, бәрі тікелей өзімізге байланысты. Егер барынша қатаң шаралармен адамдардың өзара байланысын шектей алсақ, онда пандемия толқыны барынша жұмсақ өтері анық.

Бұған қоса, маусым-шілде айларында аурудың ресми тіркелген көрсеткіштен 10 есе жоғары болуы есебінен ұжымдық иммунитет біртіндеп қалыптасып келе жатыр. Ол кезде адамдардың басым бөлігі аурып қалса да медициналық көмекке жүгінбеді, тіпті тексеруден де өтпеді. Үйлерінде ем алды», — деді сарапшы.

Сонымен қатар Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті халықты жаппай вакцинациялауға қатысты пікірімен бөлісті.

«Вакцинацияның біртіндеп басталуы өте жақсы. Бірақ, вакцинаға қатысты туындап отырған мәселе өте көп. Вакцина салынған кезеңде және оның әсері басталған уақытта адамдардың ауырып қалған жағдайлары болды. Демек, бұл проблеманы тез арада шешу емес. Әрине, вакцина жақсы. Бірақ, қандай вакцинаның барынша сапалы екендігін уақыт көрсетеді. Әзірше ресейлік вакцина бірнеше ондаған мың адамға ғана егілген. Алайда, бұл вакцинаның жақсы, тиімді екендігін толықтай түсінуге жеткіліксіз.

Ресейде Чумков атындағы орталық үшінші вакцина дайындап жатыр. Pfizer өз вакцинасын Қазақстанда тіркеуге үмітті. Меніңше, 2021 жылдың жаз айларына қарай ахуал тұрақтанатын болады. Вакцинациялау ең алдымен дәрігерлерге, қарт адамдарға жүргізіледі. Ал бұл өте жылдам орындалатын жұмыс емес. Өйткені, сөз миллиардтаған адамның өмірі жайында болып отыр. Сондықтан арқаны кеңге салып, еркінсуге болмайды», — деді Вячеслав Локшин.

«coronavirus2020.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button