Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

«Қызыл аймақ»: Атырауда бір тәулікте 113 адамнан коронавирус анықталды

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу  ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 8 адамнан расталған.


Аудандарға келетін болсақ,  Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынында Covid-19 анықталды, Құрманғазы және Махамбет аудандарында аурудың тағы 5 жағдайы тіркелді.
Коронавирус  инфекциясы бар 59 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.


Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам сауығып шықты.
Қазіргі уақытта үй жағдайында 835 адам, модульдік ауруханада — 175 , облыстық аурухананың инфекциялық стационарында — 81, аудандық инфекциялық стационарларда — 119 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 124 науқас емделуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button