
COVID-19: Соңғы поштадан...
Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ – Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда ПТР-скринингтен кейін омикрон-штамм анықталмағанын мәлімдеді.
«Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізіп жатыр. Мәселен, коронавирустың жаңа нұсқасы — омикрон штамының пайда болуын ескере отырып, Алматыда «омикрон» коронавирус штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР-скрининг жүргізілді. «Омикрон» коронавирус штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ», — деді Цой Үкімет отырысында.
Министр Қазақстанның барлық өңірінде іріктелген оң сынамалар үлгілерінің толық геномдық жүйелілігі жалғасып жатқанын айтты.
Tengrinews.kz