Пандемиядан әркім өз денсаулығын өзі қорғауы керек
Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында еліміздің басына қиын күн туған сәтте елін сабырға, ақылға шақырып, өзінің жүрекжарды тілегін жолдады.
Әлемді әбігерге салған бұл індеттің адам баласына ауыр тигені анық. Елбасының әр сөзі көңілге медеу, жанға жылу. Қауіпті індетке қарсы сақтық шаралары күн сайын күшейтілуде.
Осы орайда ортақ заң тәртіпке бағынып, өз денсаулығымызды қорғауымыз керек. Бүгінгі Елбасымыздың мақаласында да қауіпсіздік пен ынтымақтастық сөз болып отыр.
Жасалып жатқан қолдау мен қорғау шаралары еліміздің кемел келешегі үшін екенін ұмытпайық. Еліміздің мызғымас бірлігі мен қайсарлығының арқасында бұл індетті де жеңеріміз сөзсіз.
Біз ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезініп, халқымызға жол сілтеуіміз керек. Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, «Мәңгілік ел» болуымыз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мемлекетіміз ғұмырлы болсын!
Біз біргеміз, берік іргеміз!
Светлана ЖӘРДЕМҚЫЗЫ,
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Индер аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.