Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Пандемия: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 643 МЫҢ ПТР-ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ


«Аймақта тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертханасы жұмыс істеуде» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің айтуынша,  індет басталғалы бері  облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі халық саны – 655957.

«Еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік зерттеу – 3856 тестті құрайды.

Биылғы жылдың  қаңтар айында жүргізілген
ПТР-зерттеулер саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда  29 пайызға артып отыр», — деді бөлім басшысы Ермек Шмалиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button