Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда жаңбыр суы сорылып жатыр…

Өңірде жаңбырдың салдарынан мөлшерден тыс су жиналуына себеп болды.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Табиғаттың тосын мінезінен туындаған жағдайды реттеу үшін таңның атысымен пайда болған суларды тазарту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Оған Атырау қаласы әкімдігіне қарасты коммуналдық қызметтер тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуде. Ол үшін “Спецавтобаза” және “Атырау су арнасы” мекемелерінен 14 дана техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, қала аумағындағы 9 көпір көктайғаққа қарсы реагентпен өңделді.

Айта кетейік, жауын-шашын салдарынан пайда болған көлшіктерді тазарту жұмыстары жалғаса береді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button