Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирустан қорғайтын басты үш фактор анықталды

Медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды медициналық университеті» АҚ клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Шолпан Қалиева коронавирустан қорғанудың басты факторларын атады.

Оның айтуынша, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, дезинфекция вирустан қорғайтын басты шаралар болып отыр.

«Адамдар ауыра ма, ауырмай ма оған қарамастан көп байланысқа түспеуге тырысу керек. Адамдар ауыратынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, маска тағу міндетті. Өйткені маска вирустың 70% сүзеді. Адам жұқтырған жағдайда да вирустық жүктеме аз болады. Қоғамдық орындарға барған соң қолды санитайзерлермен тазалау керек», — дейді Шолпан Қалиева.

Спикердің айтуынша, вирустың беткі қабаттарда өміршең екендігі туралы пікірлер алуан түрлі.

«Жақында вирус беткі қабаттарда ұзақ тұрмайды деген пікір таралды. Бірақ, оған қайшы ғылыми қорытындылар да бар. Орта есеппен вирус адам ағзасына жеткенше үш тәулік тірі болады. Сол үшін қолды зарарсыздандыру маңызды. Вирус жұққан қолымызбен бетімізді, көзімізді, мұрнымызды ұстаған жағдайда ағзаға вирус 100%ға кіреді», — дейді профессор.

Маман науқаспен тығыз байланыста болған адамның вирус жұқтыру ықтималдығы туралы айтты.

«Вирус өте контагиозды. Науқас адаммен жолыққанда 2 метр қашықта тұруымыз керек. Жүргізілген экспериментке сәйкес түшкірген адам қанша адамға вирус жұқтыратыны анықталды. Бұл шамамен 1,5 метр. Алайда қауіпсіздік қашықтығы шамамен 2 метр. Науқас адамды көрген жағдайда екеуіңіз де маскада болсаңыздар, вирустан аман қалуға болады. Ал егер адамның иммунитеті төмендеген болса, ағза инфекцияны тез қабылдайды. Жұғып кетуі ғажап емес», — деп атап өтті дәрігер.

Профессор өзі де вирусты жұқтырғанын айтты.

«Мен өзім вирусты жұқтырғанымды білмедім. Есесіне туған-туыс, бауырларыммен араласып жүрдім. Сонда менімен бір пәтерде тұратын туыстарым ғана ауырды. Менімен байланыста болса да, қауіпсіздік шараларын сақтағандар, маска тағып жүргендер ауырмады» дейді ол.

Оның айтунша, коронавирус та басқа вирустар сияқты мутацияға ұшырайды.

«Вирустың бірінші толқынында көбінесе орта, егде жастағы адамдар жиі ауырған. Балалар сирек ауырды. Жазда өлім көрсеткіші көп болды. Орта жас тағы 55 шамасында болды. Ал қазір вирус жас балаларға тез жұғып жатыр. ШҚО да бірнеше оқушы вирус жұқтырғанын білесіздер» дейді Шолпан Қалиева.

«coronavirus2020.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button