Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер екпе алуға шақыруда

Бүгінгі күні Атыраудағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 8 жүкті әйел коронавирустан ем қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Емделуші Фариза Басиғалиева жүкті әйелдер мен емізулі аналарды, балаларды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

  • Ауруханаға өте ауыр жағдайда түстім. Құрсағымда сәби болған соң қатты уайымға салындым. Енді енді ғана өздігімнен дем алып, қызуым түсіп, жағдайым жақсы болып қалды. Вакцина алғанда мұндай жағдайға түспес пе едім деп жиі ойланамын. Ауруханадан жазылып шыққан соң, дәрігерлермен кеңесіп екпе аламын.

«Pfizer» екпесінің салу басталғанын естідім. Әр жүкті әйел, болашақ ана баласы үшін оң шешім қабылдау қажет, — деді ол.

Үйден ем қабылдап, жағдайын нашарлатып алған жүкті әйел өз қателігін қайталамауға шақырды.

  • Құрсағымда сәбиім бар. Осында келгеннен соң 2 күннің ішінде жағдайым жақсарды.Ойламаған жерден ауырып қалдым. Басында тұмау болармын деп ойладым. Аз уақыттың ішінде өкпемнің 25 пайызы қабынып кеткенін де білмей қалдым. Қазір жағдайым жақсарды. Барлық жүкті және емізулі аналарға дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, вакцина алуға шақырамын, — деді Ақерке Алпысова.

Модульді жұқпалы аурулар ауруханасы
Ковид бөлімінің меңгерушісі Жантөре Орыспаеваның айтуынша, бүгінгі күні ауруханада 74 науқас ем қабылдап жатыр.

2b526be1 a161 47b8 a518 b2eaa56908a3

Оның ішінде, 4 бала және 8 жүкті әйел бар. Жансақтау бөлімінде 13 науқас жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button