ФЕЙК: «COVID-19 – ультрадыбыстық қаруды қолданудың нәтижесі»

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
11 / 100

Қазақстандықтардың пайымдауынша, әртүрлі пневмония мен СOVID-19 – ультрадыбыстық қаруды қолданудың нәтижесі. Мессенджерлер мен Telegram арналарда осындай хабарлама таратылуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге?

Біріншіден, COVID-19 – бұл Ssrs-coV-2 коронавирус штаммынан туындайтын ауру. Бұл вирусының геномы SARS-CoV-2 толығымен анықталып, 2020 жылғы 26 қаңтарда Еуропалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында жарияланды. Вирус РНҚ-сы Ухань пневмониясымен ауыратын науқастардан алынған нуклеин қышқылының үлгілерінен табылды. Ультрадыбыстан, дыбыстың басқа түрлерінен вирустар немесе басқа тірі ағзалар жасалмайды.

Екіншіден, пневмония әртүрлі сипатта болуы мүмкін және ол вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар мен паразиттер әсерінен туындауы мүмкін. Көп жағдайда оған токсиндер, аллергия, аутоиммундық аурулар немесе радиациялық аурулар сеп болады. Дыбыс өзінің жиілігіне қарамастан, пневмония тудыра алмайды.

Үшіншіден, ультрадыбыс медицинада, өндірісте, жаттығуда, эхолокацияда және өмірдің басқа салаларында кеңінен қолданылады. Ультрадыбысты табиғатта да кездестіруге болады. Атап айтқанда, оны жарқанаттар, құстар мен түнгі жәндіктердің кейбір түрлері, сондай-ақ кит тәріздестер пайдаланады. Ультрадыбыстық толқындар оларға кеңістікте қозғалуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әлемде ультрадыбыстың адам денсаулығына кері әсерін тигізетін бірде-бір расталған жағдай жоқ. 

Төртіншіден, ультрадыбысты қару ретінде пайдалану тиімсіз болар еді. Өйткені, ультрадыбыс, кез келген басқа дыбыс сияқты, қабырғалар мен қалың қоршаулар секілді кедергілерден өте алмайды. Әдеттегі көрпе-жастық сияқты жұмсақ заттар дыбыстық толқындарды да басады. Бұған дәлел ретінде жәндіктерді үркітуге арналған ультрадыбыстық құралдарды айта аламыз, олардың әсері бүкіл үйге немесе пәтерге емес, тек бір бөлмеге ғана тарайды.

Сонымен қатар, үй жануарлары, мысықтар да, иттер де, адамдарға қарағанда ультрадыбысты ести алады. Демек, ультрадыбыс бүкіл жерде болса, жануарлар біртүрлі әрекет ететін еді. Алайда, ірі қалаларда үй жануарларының жаппай ағаруы туралы мәліметтер жоқ.

«stopfake.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған