«СӘЛЕМ! ПРИВЕТ! НІ!»

«Сәлем! Привет! Ні!» Бастауыш сыныпқа келген бүлдіршіндер қазір бірден үш тілді үйреніп жатыр. Сынақ түрінде жүзеге аса бастаған 12 жылдық білім беру жүйесіне сәйкес, бүлдіршіндерге ана тілімен бірге орыс және ағылшынды тең алып жүруге тура келеді.

Әзірге еліміздің 30 мектебінде жүзеге асырыла бастаған ноу-хау – бүлдіршіндерге өздеріне де, өзгелерге де баға қоюға, аптасына 5 күн оқып, болашақ мамандығын ерте таңдауға мүмкіндік беріп отыр.

Мамандардың айтуынша, жаңа әдіс балалардың өз қабілетін толық танытуына мүмкіндік береді. Енді әрбір оқушы жеке партада отырып, техника тілін ерте меңгереді. Және бірінші сыныптағылар «Ғылымға кіріспе», ал жоғарғы сынып оқушылары «Жаһандану үрдістері» пәнін меңгермек. «Информатика, физика, химия және биология сабақтары ағылшын тілінде оқытылып, ұқсас пәндер біріктіріледі» дейді сала мамандары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз