Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

«Егер науқастар көбейе беретін болса, локдаун енгізуден басқа амал қалмайды…»

Атырауда коронавирус жұқтырғандар қатары 20 мыңға жуықтады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді.

Облыста індет басталғалы 18358 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Оның 93-і – соңғы тәулікте анықталғаны.

– Өңірде 1933 төсектік 10 инфекциялық стационар дайындалса, соның 320 төсектік екеуі – Атырау қаласында, 1360 төсектікТеңіз кен орнында және 253 төсектік стационарларжеті ауданда жұмыс жасап тұр. Реанимациялық 71 төсек-орын бар. Еске сала кетейін, 18 наурызда Атырау қаласында жаңа модульдік инфекциялық аурухана ашылған болатын. Бүгінде аймақтағы инфекциялық стационарларда барлығы 464 науқас ем алып жатыр. Төсек-орын жүктемесіне келсек, 24 пайызды құрап отыр, — деген Қайсар Қайратұлы өңірде дәрі-дәрмек пен басқа да қажеттіліктер жеткілікті екенін айтты. Сол сияқты, аурудың алдын алатын екпе алуға және әлеуметтік желідегі қауесеттер мен жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Ал, аймақтың бас мемлекеттік сандәрігері Мәдениет Танауов атыраулықтарды той-садақалар мен басқа да адам көп шоғырланатын жиындарды ұйымдастырмауға және бармауға шақырды. Науқастардың көптеп тіркелуінің себебі сондай жағдайдан туындап отырғанын қаперге берді.

Расымен де, наурыз айындағы мерекелерде карантин талаптары толық сақталмағаны бесенеден белгілі. Сондай-ақ, спикер әзірге қатаң локдаун режимі енгізілмей отырғанын түсіністікпен қарауды сұрады. Ал, егер алдағы уақытта науқастар саны көбейе беретін болса, онда барлық қызмет көрсету орындарын жабуға тура келетінін де ескертті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button