COVID-19: Қызылқоғада 18 науқас көз жұмған…
Қызылқоға ауданында бүгінгі таңда эпидемиолгиялық жағдай күрделі болып тұр. Ал, былтыр 18 науқас көз жұмған…
Бұл туралы аудандық аурухананың директоры Айнұр Төлемісова баяндады. Оның айтуынша, 2020 жылы ауданда коронавирус инфекциясын 470 адам жұқтырып, оның 465-і жазылып шыққан, ал бесеуі қайтыс болған. Ал, 2021 жылы бұл індетке шалдыққандардың қатары 966 адамға жетіп, 948-і ауруынан айыққан. Өкінішке қарай, пандемиядан көз жұмғандардың саны үш есеге жуық өсіп, 18 адамды құраған.
– Облысымыз «қызыл» аймақта болғандықтан карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Тек биылғы жыл басынан бергі жиырма шақты күнде коронавирус жұқпасымен ауырған 150-ге жуық адам анықталып отыр. Дертке шалдыққандардың жетеуі – аудандық, 21-і облыс орталығындағы ауруханаларға жайғастырылды. Қалған 120 адам күндізгі стационарға орналастырылып, амбулаториялық жолмен емделуде. Жағдайды жіті бақылап, төтенше жағдай режимі мен талабын бұзғандардың әрекетін бақылап отыру мақсатында ауданда 10 мобильді топ жұмыс жасауда. Короновирус инфекциясымен аудандық ауруханаға ауыр жағдайда адамдар түспеді. Инфекциялық бөлімді ем алып жатқан адамадар жағдайы орташа деңгейде, — дейді Айнұр Төребекқызы.
Дәулетқали АРУЕВ