Атырау «қызыл» аймаққа кірді
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау облысында тіркелген 65 науқастың 32-сі – қала тұрғындары.
Теңіз кенішінде 21 адамнан болса, Индер және Махамбет ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 21 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 30 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, модульдік стационарда 85, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 262 адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта тұр.
Егер қызыл аимакта тұрсак балдарды мектепке шығармағыздар бұра тала Сентябрьде барсын 4 ші токсан арі емес бері емес неге ашып жатсыздар Балдардың омірімен оинамаңыздар оларга камкорлык керек Арі емес бері емес мектеп садикті токтатыңыздар