Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

COVID-19: Атырауда тағы 39 науқас анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 39 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 10-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 29 жұмысшыдан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 6-ында ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 23  адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 218 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  56
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 10,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 218 адам ем қабылдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button