71827747 912848859097598 7665013947447115776 o

Атырауда ерекше жандар үшін 170 миллион теңге бөлінеді

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/14 қазан, 2019 жыл. Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандардың әрқайсына 20.000 теңгеден беріледі деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазан айы қайырымдылық айы болып аталып өтеді. Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде «Мүмкіндігі шектеулі жандардың» күніне орай өңірде әр түрлі деңгейде қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады.

– Атырау қаласында «Мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне» орай олардың әрқайсына 20 000 мың теңге төленеді және бұл топқа тек ерексек жастағылар яғни 18 жастан асқандар ғана кіреді, – деп атап өтті Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Хабиева.

Естеріңізге сала кетсек қала бойынша 18 жастан асқан 8500 мүгедек бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған