Covid-19: Атырауда бір тәулікте 44 адамнан анықталды

fdc9b557d9ff24785cd45b990c4b408e crop l 4 t 2 w 1189 h 669 resize w 1200 h 630 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 44 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 31 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында – 5 адам, Исатай ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 1, Мақат ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 27 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 17 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 63 адам емделді.

Қазір 315 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 107, екінші облыстық ауруханада – 13 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 34. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 71 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз