COVID-19: Атырауда 6 мың студент екпе алды

4422229091d48972bac74c26316b0ce4 COVID-19: Соңғы поштадан...

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес,2 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 394 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 2 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 240 968 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 6 033-і – студенттер. Вакциналардың II компонентін 217 284 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз