COVID-19: Атырау облысының 672 тұрғыны қайта вакциналанды

828d46f1 66bc 4fc4 859b 6537722bd73b COVID-19: Соңғы поштадан...

Өңірде тұрғындарды COVID-19-дан қорғау үшін қайта вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 қарашадан бастап 672 жергілікті тұрғын қайта вакциналанды.

Қайта вакциналауға  жататын адамдардың жалпы саны 2286 адамды құрайды. Бұл 2021 жылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Оларға 8 санат өкілдері кіреді: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз