COVID-19: Атырауда тағы 437 науқас тіркеліп, қосымша кереуеттер жасақталды…
Атырау облысында бір тәулікте 437 адам Covid-19 жұқтырған.
Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 437 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 304 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 25 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында — 18, Индер ауданында — 23, Исатай ауданында — 17, Қызылқоға ауданында — 13, Құрманғазы ауданында — 14, Мақат ауданында — 7, Махамбет ауданында — 16 науқас анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 263 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 174 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 43 адам емделді. Қазір 646 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 197, фтизиопульманологиялық орталықта — 5 адам, аудандық инфекциялық стационарларда — 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 218 науқас ем алуда. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.
Осыған байланысты, Атырау облысында резервтік керуеттер жасақталды. Облыстың негізгі медициналық мекемелері базасында 1780 резервтік төсек-орын жасақталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Орындар аймақтың негізгі медициналық мекемелерінің базасында дайындалып отыр. Резервтік төсектер Теңіз кен орнында да дайындалды.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 453 науқас COVID-19-дан ем алуда, 646 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.