«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

«Самұрық-Қазына» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры екінші деңгейлі банкілерден заем тарту мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы  ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар  қызметінде өткен брифингіде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Қор төрағасының айтуына қарағанда, қазіргі таңда «Самұрық-Қазынаның» шетелдік валютадағы борыштары шамамен 37 миллиард долларды құрап отыр. «Бұл борыштардың қызметі бойынша бізге біршама валюта қажет болатыны сөзсіз. Бір ғана ағымдағы 2015 жылдың өзінде шамамен 4,7 миллиард доллар талап етіледі. Бұдан бөлек, біз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін заем алатын боламыз, ал, инвестициялық жобалар аясындағы міндеттемелер бойынша бізге 1 миллиард  долларды жабу қажет», – деді Ө.Шөкеев.

Ұлттық компаниялардың валюталық операциялары да теңге бағамын ұстап тұруға септігін тигізеді. Брифингіде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. «Ұлттық валютаны қолдау мәселесіне келсек, біз әлеуметтік корпоративтік стандарт қабылдап, ол бойынша барлық еншілес компанияларға валюталық нарықта операциялар жүргізуге тыйым салынды. Яғни, өндірістік қажеттілік болмаса ондай операциялар жүргізілмейді. Бұл ретте еншілес компаниялар бізге, «Самұрық-Қазынаға» валютаның өздеріне аса қажетті екенін дәлелдеуі керек, – деді Ө.Шөкеев.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз