COVID-19: Соңғы поштадан...
Бейжіңде коронавирус тақырыбында Сән апталығы басталды
Бейжіңде коронавирус тақырыбында Сән апталығы басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара 3 күнге арналған.
Сәнгерлер пандемия кезінде қолданылатын жеке қорғаныш киімдер мен заттарды көрсетеді. Арасында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ науқастарға арналған өзге де киім үлгілері бар. Оларды Бейжіңдегі Сән технологиясы институтының мамандары дайындаған. Киімдерде медициналық сипаттармен қатар жергілікті дәстүрлі өрнектер де сақталған.