Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атыраулық тұрғын алтыншы сәбиін инфекциялық стационарда өмірге әкелді

Инфекциялық стационарға «вирусты пневмония» диагнозымен түскен атыраулық Нұргүл Оңғарбаева алтыншы сәбиін аман — есен өмірге әкелді.


Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас стационарға жүктіліктің 35 аптасында түскен.

«Сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлерге кесарь тілігін жасауға тура келді. Дені сау қыз бала өмірге келді. Қазіргі таңда нәрестені Нұргүлдің жолдасы мен анасы күтіп-баптауда. Ем алып жатқан Нұргүл де сауығып келеді» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, жыл басынан бері Атыраудағы инфекциялық стационарда 51 сәби өмірге келді.

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button