Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды

38e65211 2602 4bb4 ac46 7087b7c86ff1 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Жарқынай» Атырау қоғамдық қоры жаттықтырған спортшылар ​ паралимииада ойындары бағдарламасы бойынша боччадан өткен республикалық ашық турнирге қатысты – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Паралимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорттың бұл түрі бойынша турнирге 100-ге жуық спортшы бақ сынады.

2448a6a4 e812 4baa 8745 fcfc65f39073

Нәтижесінде, арнайы жабдықпен ойнаған Жанерке Кенжебек жүлделі 2 орынды, ал арбаға таңылғандар арасынан Аят Мамай мен Еркебұлан Кенжеғалиев 2-ші орын алды. Нұрасыл Жігер 3 ші орын иемденді.

3c02006d af70 4f2a 85fa 86ae8b13670a
  • Қор жанынан ашылған бочча үйірмесінен 12-15 жас аралығындағы 6 спортшыны дайындап апардық. Оның төртеуі жүлделі 2-ші және 3-ші орындармен оралды. Бұл үйірме Атырауда алғаш рет қазан айында ғана ашылды. Аз уақыттың ішінде балаларымыз жаттығып, жақсы нәтиже көрсетті.​ Бочча спорты мүмкіндігі шектеулі адамдардың қимыл-қозғалысының бірқалыпты дамуына мүмкіндік береді, талпындырады. Сондықтан, тірек-қимылы зақымданған жандарға бұл пайдалы спорт – деді, жаттықтырушы Зоя Нұрымғалиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз