![Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды 1 38e65211 2602 4bb4 ac46 7087b7c86ff1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/38e65211-2602-4bb4-ac46-7087b7c86ff1.jpeg)
COVID-19: Соңғы поштадан...
Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды
«Жарқынай» Атырау қоғамдық қоры жаттықтырған спортшылар паралимииада ойындары бағдарламасы бойынша боччадан өткен республикалық ашық турнирге қатысты — деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Паралимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорттың бұл түрі бойынша турнирге 100-ге жуық спортшы бақ сынады.
![Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды 2 2448a6a4 e812 4baa 8745 fcfc65f39073](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/2448a6a4-e812-4baa-8745-fcfc65f39073-768x1024.jpeg)
Нәтижесінде, арнайы жабдықпен ойнаған Жанерке Кенжебек жүлделі 2 орынды, ал арбаға таңылғандар арасынан Аят Мамай мен Еркебұлан Кенжеғалиев 2-ші орын алды. Нұрасыл Жігер 3 ші орын иемденді.
![Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды 3 3c02006d af70 4f2a 85fa 86ae8b13670a](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/3c02006d-af70-4f2a-85fa-86ae8b13670a-768x1024.jpeg)
- Қор жанынан ашылған бочча үйірмесінен 12-15 жас аралығындағы 6 спортшыны дайындап апардық. Оның төртеуі жүлделі 2-ші және 3-ші орындармен оралды. Бұл үйірме Атырауда алғаш рет қазан айында ғана ашылды. Аз уақыттың ішінде балаларымыз жаттығып, жақсы нәтиже көрсетті. Бочча спорты мүмкіндігі шектеулі адамдардың қимыл-қозғалысының бірқалыпты дамуына мүмкіндік береді, талпындырады. Сондықтан, тірек-қимылы зақымданған жандарға бұл пайдалы спорт — деді, жаттықтырушы Зоя Нұрымғалиева.
—