Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

АТЫРАУДА ВАКЦИНАНЫҢ ТӨРТ ТҮРІ БАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы салынатын вакцинаның төрт түрі бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, былтырғы 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін 259 970 адам салдырған. Ал, вакциналардың ІІ компонентін ектіргендердің саны 242 704 адамды құрап отыр.

«Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы салынатын вакциналардың төрт түрі бар. Мәселен, QazVac вакцинасы екпе салдыратын бекеттердің бәрінде бар. Ал, VeroCell вакцинасын Атырау қаласындағы №2, 3, 5 және Геолог, Еркінқала елді мекендерінде емханаларда, сондай-ақ, теміржол ауруханасы мен «МедикерЖайық» мекемесінде алуға болады. Бұл вакцинаның қоры Қызылқоға ауданында да жеткілікті. Спутник-V вакцинасы Атырау қаласының №1, 2, 3, 4, 5, 7 және Геолог емлді мекеніндегі екпе бекетінде бар. Махамбет және Құрманғазы ауданындағы екпе бекеттері аталған вакцинаның жеткілікті дозасымен қамтылған» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Атырау облысында 19 қарашада Pfizer вакцинасының екі компонентіне арналған 32 760 дозасы жеткізілген еді. Ал, 20 қарашада вакцинаны жасөспірімдер мен аналарға салу басталды.

«Содан бері Pfizer вакцинасын 3 120 адам салдырды. Оның ішінде бала емізіп отырған 1 558 ана мен 164 жүкті әйел бар. Сондай-ақ, 12-18 жас аралығындағы 1 398 жасөспірім аталған вакцинаны алды» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button