1 9

Атырауда үш баланың анасы әлеуметтік төлем алып отыр

COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жұмыссыз қалған тұрғындарды әлеуметтік қолдауға берілетін  42 500 теңге төлемді алған атыраулықтың бірі – Гүлбану Оқасова.

Ол бүгінде бір жас, үш айдан асқан ұлымен бала күтіміне байланысты үйде отырған ана.  

– Үш баланың анасымын. Негізінен құрылыс компанияларының бірінде есепші болып қызмет етемін. Қазіргі уақытта сәби күтіміне байланысты декретте үйдемін. Бұл ретте баласы 1 жастан асқандарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға болады деген ақпаратты естіп мен де көрсетілген шарттарды орындадым.

Банк филиалының мобильдік қосымшасы арқылы бір рет бірыңғай жиынтық төлемді жасап, е-gov порталы арқылы төлемді алуға өтініш жасадым. Екі күннен кейін төлемді беруге келісім берілгені жөнінде ұялы телефоныма смс келді. Ал, ақшасы үш күннен соң банктік шотыма аударылды. Бұл біз үшін қазіргі сындарлы сәтте үлкен көмек қолды. Мемлекет тарапынан мұндай қолдаудың көрсетілгеніне ризамыз.

Алғашында ел арасындағы «бала күтіміндегі әйел осынау төлемді алса, жұмыс орны сақталмайды екен» дегенді естіп қобалжығаным да рас. Алайда, сала министрі Еңбек кодексіне сәйкес, декреттегі әйел-аналардың бұл әлеуметтік төлемді алу-алмауына қарамастан, жұмыс орындары сақталатынын ашып айтты. Мұның барлығы бүгінгі қиын сәттен сүрінбей өтіп, еліміздің жарқындығы үшін жасалып жатқан қолдау екенін терең түсінемін.

Яғни, Үкімет қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауда тиісті шараларды атқаруда. Ең бастысы, қазіргі уақытта дертті ауыздықтауда мемлекет тарапынан қолға алынған сақтық  шараларына бейжай қарамау керек.  Әр адам төтенше жағдайдың режимін қатаң сақтаған жөн,- деді Гүлбану Сәлімгерейқызы atr.kz-ке берген сұхбатында.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған