COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда коронавирус жұқтырғандарды емдеу стационарлары 94 пайызға толды
№2 Атырау облыстық аурухана және модульдік ауруханадағы орындардың 94% толды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов мәлімдеді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық ауруханасында 12, модульдік ауруханада 15 бос орын бар.
Модульдік аурухананың жансақтау бөлімінде 20 адам, оның ішінде 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. №2 Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам жатыр, — деді Мағжан Сиджанов.