ҚҰРМЕТТІ ИСАТАЙ ҚҰНДЫЗБАЙҰЛЫ!

Сізді және Өзіңіз басқарып отырған шығармашылық ұжымды «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің 20 мыңыншы нөмірінің шығу торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бір ғасырға жуық терең тарихы бар басылым бұқаралық ақпарат кеңістігінде өз орнын тапқан, қоғамдағы өткір де өзекті мәселелердің жаршысына айналды. Бұл ретте қашанда зерделі оқырманның риясыз қолдауына ие болып, шығармашылық шыңнан көрініп келесіздер. Аймақ өміріндегі маңызды жаңалықты жариялап, объективті ақпарат жазудағы қаламдарыңыз қарымды, шабыттарыңыз арынды болсын!

Алдағы уақытта да шығармашылық шабытыңызбен, мәнді де мазмұнды еңбектеріңізбен қалың оқырман қауымды қуанта бергейсіздер!

Құрметпен, Қорғаныс министрі

Иманғали Тасмағамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз